«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Криштиану Роналду 66 жыл өзгермеген рекордты жаңартты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең үздік бомбардир атанып, карьерасындағы голдар саны бойынша абсолютті әлемдік рекордты жаңартты.

Роналду жазылушыларына қуанышты жаңалықты Instagram желісіндегі парақшасында  жеткізді. 
Кеше Италия Суперкубогы үшін «Наполимен» өткен матчта Роналду карьерасындағы 760-шы гол соғып, футбол тарихындағы ең үздік бомбардир атанды. Бұған дейінгі әлемдік рекорд Чех Джозеф Бицанға тиесілі еді. Ол 1931 жылдан 1955 жылға дейін 759 гол соққан.
Айта кетейік, «Ювентус» 2:0 есебімен жеңіске жетіп, Италия Суперкубогын рекордтық тоғызыншы рет жеңіп алды.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp