«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАМЗАТҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы Преснов ауылдық кітапханасында “Терроризм. Сенің азаматтық позицияң” тақырыбында танымдық кеш өтті. Шара мақсаты – оқырмандардың діни сауаттылығын арттыру және оларды жат ағымдардан сақ болуға шақыру.

Кітапханашы Сәуле Жақыпова кешті диа­лог түрінде ұйымдастырып, ауыл тұрғындарының аталмыш тақырып бойынша түрлі сұрақтарына жауап берді. Кітапты көп оқитын аға буын өкілдері бүгінгі күні терроризмнің діни арандатушылық тұрғыда белең ала түскенін жарыса жеткізді.

Шара барысында дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары туралы да айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, оқырмандар терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресу жолдарын, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдады.

Жиын соңында ауыл тұрғындарының назарына кітап көрмесі ұсынылды.

 

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltústik Qazaqstan”. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp