20 қаңтарда АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден мен вице-президент Камала Харрис инаугурацияда ант қабылдап, қызметке кірісті.
Байден мен Харрис Вашингтондағы Капитолий сарайының алдында өткен салтанатты жиында ант берді. Джо Байден – 78 жасында президент болып сайланған АҚШ тарихындағы ең қарт адам. Ал Камала Харрис – АҚШ вице-президенті қызметіне кіріскен алғашқы әйел.
Ант беру рәсіміне Байден 1893 жылдан бері сақтап келе жатқан «Інжіл» кітабын алып келген. Бұған дейін ол сенатор және вице-президент қызметтеріне кіріскенде де осы діни кітапты ұстап ант берген.
Сentralasian.org мәліметінше, қызметінен кеткен президент Дональд Трамп инаугурация рәсіміне қатысқан жоқ. 20 қаңтар күні ол Ақ үйден Флоридаға аттанды.
Айта кетейік, Капитолий ғимараты 6 қаңтарда Дональд Трамп жақтастарының шабуылына ұшырағандықтан, инаугурация қарсаңында Вашингтонда қауіпсіздік барынша күшейтілді.
https://egemen.kz