1964 жылы туған өңір тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды. Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ол Қызылжар ауданының пробация қызметінің есебінде тұр. Жаза басып, жаңылған ер адамға құжаттарды рәсімдеуге пробация қызметі бөлімінің мамандары және Қызылжар аудандық полиция бөлімі көмектесті. Тұрғылықты жері бойынша құжаттандыру және тіркеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде сотталған көптен күткен жеке куәлігін алды.
“Жеке куәлігім болмағасын жұмысқа да орналаса алмадым. Енді бұл менің екінші туған күнім. Өйткені, енді жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар. Әлеуметтік және медициналық көмектерді аламын”, – дейді есімін айтпауды ұйғарған ер адам.
Пробация қызметінің мамандары халықты жұмыспен қамту орталығы, жергілікті кәсіпорындармен жасалған үш жақты меморандум аясында оны серіктестіктердің біріне жұмысқа орналастырды.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.