«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЙІРІМ ҰШҚЫНЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

  

«Мейірімді жүрек LIDER KZ» қайырымдылық қоры ізгілікті акциялармен 2015 жылдан бері айналысып келеді. Осы аралықта ондаған аз қамтылған жандарға қамқор қолымызды созып, алғысын алдық.

   Жуырда Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылында тұратын Әбдіразақтар отбасының баспаналы болуына мүмкіндік жасалды. Бұл көмек «Тиолайн» ЖШС-мен бірге жүзеге асырылды.
   Оқыс оқиға өткен жылдың желтоқсан айында орын алған болатын. Нұрсұлтан Әбдіразақтың үйі өртеніп, далада қалғанын естіп, қабырғамыз қайысты. Ешкім зардап шекпесе де, қыстың көзі қырауда әркімнің босағасында жүру оңай емес. Біз «Тиолайн» ЖШС-мен бірігіп, оларға Келлеровка ауылынан үймен қоса тұрмыстық техникалар да сатып алып бердік. Оған 2,7 млн.теңге жұмсалды. Бес бөлмелі баспана кең әрі жылы. Өткен жылы аз қамтылған үш отбасының баспаналы болуына жағдай жасаппыз.
Бәлкім, біреулерге бұл қаражат көп емес шығар. Біз үшін балардың шат күлкісінен, алаңсыз өмірінен артық бақыт жоқ.


Екатерина САФОНОВА,
                                                                                                     «Мейірімді жүрек LIDER KZ»
                                    қоғамдық қорының төрайымы.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp