«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУ – АРАЛАС ФОРМАТТА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Qozybaev Ýnıversıteti академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесінің міндетін атқарушы Жанар Таласбаева БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында көктемгі оқу семестрі жайына кеңінен тоқталды.

– Бүгінгі таңда университетте7546 студент білім алуда. Білім берудің жартыжылдық кезеңінде бірінші, екінші, үшінші курс студенттері, магистранттар оқуларын 30-дан астам топтарда аралас форматта жалғастырады. Олардың саны үш мыңнан асады. Яғни, дәріс – қашықтан, ал тәжірибелік жұмыстар университетте өтеді. Докторанттар дәстүрлі түрде оқиды. Төртінші курс студенттері өндірістік тәжірибеде жүр. Бірінші курсқа 2251 түлек қабылданса, олардың 90-ы «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алуда,– деген Жанар Серкешқызы оқу барысында санитарлық талаптардың қатаң сақталатынын атап көрсетті.
 Студенттерге бір партада отыруға рұқсат етілмейді. Сабақ 50 минутқа созылады. Үзіліс уақыты 20 минутқа дейін ұзартылды. Сондай-ақ, жасы 65-тен асқан оқытушылар қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілген. Олардың саны–қырық. Оқу корпустарында асханалар жұмыс істемейді. Бір бөлмеге екі адамнан ғана орналастырылған.


Диана ХАЛИМОВА,
М. Қозыбаев атындағы
СҚУ-дің медиаорталығының
бас редакторы.

.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp