«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда 57 жастағы тұрғыннан 14,5 кг астам марихуана табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының маңындағы ауылдардың бірінде 57 жастағы тұрғыннан 14,5 кг астам марихуана табылды.

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінен қала маңындағы ауылдардың бірінің 57 жастағы тұрғынының есірткі қылмыстарына қатыстылығы туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ақпарат расталды: ер адам Астана және Букетов көшелерінің қиылысында ұсталды.
Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен «Volkswagen» автомашинасының салонында скотчпен оралған үш полиэтилен пакет салынған қап табылды. Ішінде өсімдік тектес ерекше иісі бар зат болды. Сот-химиялық сараптаманың актісі алынған заттың салмағы 14 кг 540 грамм кептірілген марихуана екендігін көрсетті.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталған адам қамауға алынды, тергеу жүргізілуде. Ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған: есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін екі рет сотталған. Аса ірі мөлшерде есiрткi құралдарын өткізгені үшін 2008 жылы сотталған.
Бас бостандығынан айыру орнынан 2018 жылы босап шыққан. Облыста былтыр 462 кг астам түрлі есірткі заттары заңсыз айналымнан алынды.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp