«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.01.2021

Белсенділерге — Елбасының алғысы

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының ғимаратында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау науқанында белсенділік танытқан бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың қатарында кандидатар, штаб өкілдері мен еріктілер, журналистер мен қоғам белсенділері және партия қызметкерлері бар.

Айыптарын өтеуге асықпайды

Қазақта “қарыз күліп келеді, жы­лап қайтады” деген сөздің парқын кейбіреулер түсінбейтін секілді. Осы себепті болар, қарызды өндіріп алу бүгінгі күні өте өзекті мәселеге айналып отыр. Елдің тұрақтылығын сақтау және экономикалық дамуында мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің уақтылы қайтарылуы бәрімізге байланысты екенін тағы бір мәрте еске салғымыз келеді.

“АСЫЛ МҰРА” – ӨҢІР ШЕЖІРЕСІ

Егемендік алған жылдардан бас­тап елдің өткенін, тарихтың ақ-таңдақтарын, асыл тұлғалары-мыздың өмірін білуге деген ұмты-лыс күрт өсті. Сол кезде осы істі атқару үшін “Асыл мұра” ор­талығы құрылған еді. 20 жылды-ғын атап өткелі отырған орта-лықты құру – облыстың оқу ағарту саласының ардагерлері, Қызыл-жар өңіріне танымал азаматтар Ғалым Қадіралин мен Қайролла Мұқановтың бастамасы. Бұл бас-тамаға жерлестеріміз, академик-тер Н.Айтқожина, …

“АСЫЛ МҰРА” – ӨҢІР ШЕЖІРЕСІ Read More »

ЗАҢ ҚАТАЛ

Петропавлдағы “Antikor” орталы­ғында өткен семинарда экология саласында “бармақ басты, көз қыстылықтың” алдын алу бойынша былтыр атқарылған жұмыстар жайлы әңгіме өрбіді.

ҚЫЛМЫС АЗАЙДЫ

Облыстық полиция департаментінде жыл қорытындысына арналған онлайн ке­ңесте жедел-қызмет жұмысының нәтижесі талқыланды. Ведомство бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев биылғы жылы ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерге тоқталды. Жедел кеңесте 2020 жылы атқарылған жұмыстар және полиция бөліністеріндегі тәртіптік шараның, заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижелері айтылды.

ЕСКЕРТКІШ ОРНАТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК!

Бар ғұмырын, дарыны мен білімін халқының өсіп-өркендеуіне арнаған ардақты азамат Еркін Нұржанұлы Әуелбеков көзі тірі болғанда 2020 жылғы 22 маусымда 90 жасқа толар еді. Қайраткер тұлғаның есімі, атқарған іргелі істері оның көзін көрген, қызметтес болған, қамқорлығының шапағатын сезінген жандардың есінде сақтаулы.

Beіnekamera bultartpaіdy

“Okean” saýda úıiniń mańyndaǵy dúken­niń ıesi polısıaǵa taýarynyń urlan­ǵany týraly aryzdanǵan. 27 qańtar kúni tańerteń ol 130 myń teńgeden as­tam teńgeni quraı­tyn avtobólshekteriniń joǵalǵanyn baıqaı­dy. Qylmysty ashýǵa kásipker ornatqan beınekameralar men jedel basqarý ortalyǵynyń kameralary septigin tıgizdi. Kamera jazbalarynan qaskóıdiń saǵat 22.00-den keıin urlyq jasap, oqıǵa ornyna taksı shaqyrǵany anyq kórinedi.

“АҚЫЛДЫ” ЖӘШІК

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған “ақылды” қоқыс жәшігін жасап шығарды.

Түлектер тартуы

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универ­ситеті музейінің қоры сирек кітаптармен толықты. Құнды туындыларды білім ордасының түлектері тарту етті.

Ардагерлерге – компьютер

Петропавлдағы “С.М.Киров” атындағы зауыт” акционерлік қоғамының басшылығы облыстық “Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлерінің одағы” қоғамдық бірлестігіне су жаңа компьютер сыйға тартты.

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Салт-дәстүр – ұлттық тәрбиенің негізі” тақырыбында танымдық шара өтті.

Баспаналы болу мүмкіндігі

Қазақстандықтар баспана алып, денсаулықтарын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақ­таушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана бастады. Мұн­дай мүмкіндікке ел бойынша 760 мың тұрғын ие. Оның 11800-і солтүстік-қазақстандық. Бұл туралы “Отбасы банкі” АҚ-ы облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Қазақстандықтар жұмыс берушінің қанша жалақы, табыс салығы, зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарын есептегенін тексере алады

Мемлекеттік кірістер комитеті «e-Salyq Azamat» («App Store» және «Play Market») мобильді қосымшасындағы «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты.