«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түлектер тартуы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универ­ситеті музейінің қоры сирек кітаптармен толықты. Құнды туындыларды білім ордасының түлектері тарту етті.

Біздің жоғары оқу орнымыз түлек­термен тығыз байланыс орнатқан. Білім ошағын әр жылдары тамамдаған түлектеріміз өздерінің сүйікті университетін жиі еске алып тұрады. Музейімізде солар тапсырған көптеген жәдігерлер сақталған. Мәселен, жуырда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері Қайрат Мұстафин мен Серікжан Шитқанов сирек кездесетін екі жинақты сыйға тартты. Біріншісі – Қазақстанның құрылыс саласы еңбеккерлерінің қызметіне арналған құрмет кітабы. Оған еліміздің белгілі құрылысшылары мен сәулетшілері туралы деректер жазылған. Ал екіншісі – “Жасампаздар” кітабы. Бұл жинаққа Солтүстік Қа­зақстан және Батыс Қазақстан облыстарының құрылыс ұйымдары туралы мәліметтер енгізілген. Бұл кітаптардың “Құрылыс және дизайн” кафедрасының студенттері мен оқытушылары үшін ерекше құнды болары анық.
Бүгінгі таңда музейдегі жәдігерлердің жалпы саны 5 мыңнан асып отыр. Мұнда келушілер оқу орнының даму тарихымен, оның білім беру, ғылыми, спорттық және шығармашылық қызметімен таныса алады. Жәдігерлердің арасында ғалым Манаш Қозыбаевтың өмірбаянынан сыр шертетін кітаптар да бар.

Диана ХАЛИМОВА,
М.Қозыбаев атындағы
СҚУ-дің медиаорталығының
бас редакторы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp