«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АСЫЛ МҰРА” – ӨҢІР ШЕЖІРЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Егемендік алған жылдардан бас­тап елдің өткенін, тарихтың ақ-таңдақтарын, асыл тұлғалары-мыздың өмірін білуге деген ұмты-лыс күрт өсті. Сол кезде осы істі атқару үшін “Асыл мұра” ор­талығы құрылған еді. 20 жылды-ғын атап өткелі отырған орта-лықты құру – облыстың оқу ағарту саласының ардагерлері, Қызыл-жар өңіріне танымал азаматтар Ғалым Қадіралин мен Қайролла Мұқановтың бастамасы. Бұл бас-тамаға жерлестеріміз, академик-тер Н.Айтқожина, О.Баймұратов, А.Қошанов, К.Тәшенов және ақын К.Салықов қолдау білдірген. Атақ-ты жерлестеріміз облыс басшы-сына хат жолдап, ғылыми орта-лық құру мәселесін шешуді өті-неді.

2001 жылғы 1 ақпанында об-лыстық мәдениет департаменті бастығының бұйрығымен “Асыл мұра” ғылыми орталығы құрыла-ды. Жаңа орталықтың жетекшісі болып Ғалым Қадіралин, қызмет-керлікке Қайролла Мұқанов, Со-циал Жұмабаев, компьютермен теру маманы болып Нұржамал Байтенова қабылданады. “Асыл мұраның” басты мақсаты – түрлі себептермен ұмыт болған өңір та-рихында елеулі орын алатын тұл-ғаларды, тарихи уақиғаларды жаңғырту еді.
Орталықтың құрылуын тұрғын-дар қуанышпен қабылдап, бірінші күндерден бастап оның айнала-сына зиялы қауым шоғырланып, қолдау көрсетті. Әсіресе, өмірдің ағы мен қарасын басынан өткізіп, халықтың мұң-мұқтажын, жоғалт-қан құндылықтарын жақсы білетін ақсақалдар құнды мәліметтермен бөлісіп отырды. Біразы өздері ер-теден жинаған деректерін ортаға салды.
“Асыл мұра” орталығының 2008-2020 жылдардағы жетекшісі Таңат Сүгірбаевтың мақаласының толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp