«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АҚЫЛДЫ” ЖӘШІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған “ақылды” қоқыс жәшігін жасап шығарды.

8-сынып оқушысы Арман Нұрышевтің бұл жобаны жүзеге асыруына көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы контейнерлердің маңында түрлі тұрмыстық қалдықтардың үне­мі шашылып жатуы себеп болған. Жас өнертапқыштың айтуынша, қондырғы қоқыс толуға жақындаған кезде коммуналдық компанияға белгі жібереді екен.
– Біздің жәшік ультрадыбыстық сенсордың көмегімен ашылады. Ол арнайы қуат көзіне жалғанған. Неғұрлым үлкен болса, энергияны соғұрлым көбірек пайдаланады. Ішіне қоқыс түскен соң өздігінен жабылады. Бұл өте ыңғайлы. Идеяны жүзеге асыру үшін бір апта бойы жобаның сызбасын жасадық. Ішіне аккумулятор, ультрадыбыстық датчиктерді орнату қажет болды. Сөйтіп, мақсатымызды жүзеге асырдық, – дейді Арман Нұрышев.
Қоқыс жәшіктерінің өзін жасау үшін пластик пай­далану көзделген. Оларды мектеп пен кеңсенің ішіне, көше бойына орналастыруға болады. Алдағы уақытта жәшікке оның толып бара жатқандығын қадағалау жүйесін орнату жоспарда бар. Ол үшін арнайы модуль жасау керек. Тың жобаның жетекшісі Виталий Мельников алдағы уақытта “ақылды” қоқыс жәшігін жетілдірілмек. Барлығын мобильдік қосымша арқылы қадағалап отыруға болады. Бұл жұмысшылар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің уақытын үнемдеуге көмектеседі. Олар қоқысты арнайы сигнал бойынша, қажет кезде ғана алып кетеді.

Эльмира КӘЛЕНОВА,
Назарбаев зияткерлік
мектебінің баспасөз хатшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp