«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢ ҚАТАЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы “Antikor” орталы­ғында өткен семинарда экология саласында “бармақ басты, көз қыстылықтың” алдын алу бойынша былтыр атқарылған жұмыстар жайлы әңгіме өрбіді.

Жиында алдымен сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамадағы соңғы өзгерістер жайында айтып берді. Нұрлан Серікұлы атап өткендей, заңда басшылардың өздеріне бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық жасауының алдын алу бойынша міндеттері тайға таңба басқандай жазылған. Бұл міндетті орындамаған басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, биыл парақорлық туралы хабарлаған азаматтарды ынталандырудың жаңа жүйесі қабылданып, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлық алуға толық тыйым салынды. Одан бөлек, комплаенс-қызметтер институты енгізіліп отыр.
– Бұ­дан былай ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотталған лауазым иелері түрмеден мер­зімінен бұрын босатылмайды. Парақорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі ба­рынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберуге жол берілмейді. Яғни, олар сот үкімімен белгіленген жазаларын бұрын­ғыдай қолайлы жағдайда өтей алмайды. “Бармақ басты, көз қысты” әрекет жасаған құқық қорғау қызметкерлері мен судья­ларға қатысты жаза да күшейтілді. Бұл санаттағылар 50 айлық есептік көрсеткіштен кем пара алса да, ол ауыр қылмыс саналып, 5 жыл­дан 6 жылға дейін бас бостан­дығынан айырылады, – деді Нұрлан Серікұлы.
Бұдан кейін облыстық экология департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру туралы ведомство басшысы Ерболат Омаров айтып берді. Департаментте өткен жылдың соңынан бері әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін және қызметкерлердің іс-әрекеттерін тіркеу мақсатында мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу кезінде бейнетіркегіш пайдаланылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында мемлекеттік қызметтер тек қана электрондық форматта көрсетіледі.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ.
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp