«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Салт-дәстүр – ұлттық тәрбиенің негізі” тақырыбында танымдық шара өтті.

Адам дүние есігін ашқан сәттен бастап, түрлі ырым-тыйымдар мен әдет-ғұрыптар арқылы жан-жақты толысып, әдепті, сыпайы болуға дағ­дыланады. Ата-бабамыз ғасырлар бойы салт-дәстүрлер негізінде ұлағатты ұл мен тәрбиелі қыз өсіріп, түрлі наным-сенімдерді бізге аманат етті емес пе?! Облыстық музей бірлестігінің қызметкері Сағындық Салмұрзин дәріс барысында олардың әрқайсысының шығу тарихына тоқталып, мән-маңызын ұғындыруға талпынды. Жастарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткен салтымыздың негізінде тәрбиелеу қажеттігін алға тартты. Ол өз сөзін адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға арқау болатын “Сәлемдесу” рәсімінен бастап, қонақ күту сияқты дәстүріміз жайында кеңірек баяндады. “Салт-дәстүріміз адам баласының дүниеге келген сәтінен бастап өмірден өткеніне дейін жалғаса береді.
Осындай асыл қазынамызды жастарға дұрыс жеткізе білсек, ұлтжанды ұрпақ қалыптастырамыз”, – деп ойын қорытындылады.

Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp