«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айыптарын өтеуге асықпайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақта “қарыз күліп келеді, жы­лап қайтады” деген сөздің парқын кейбіреулер түсінбейтін секілді. Осы себепті болар, қарызды өндіріп алу бүгінгі күні өте өзекті мәселеге айналып отыр. Елдің тұрақтылығын сақтау және экономикалық дамуында мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің уақтылы қайтарылуы бәрімізге байланысты екенін тағы бір мәрте еске салғымыз келеді.

Қазынаның едәуір бөлігі мемлекеттік органдардың сот актілері мен қаулылары бойынша өндіріп алынған сомалардан құралатыны белгілі. Қазір мемлекет пайдасына қаржы өндіріп алу оңай емес. Өйткені, жауапкершілікке тартылған азаматтар айыппұлды төлеуден жалтарады. Қолданыстағы заңнама айыппұлды заңмен белгіленген мерзімде төлеуді міндеттейтініне қарамастан сытылып кетудің небір айлаамалдарына барып жатады.
Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасы әкімшілік айыппұлдарды борышкерлерге төлету бойынша арнайы жұмыс кестесін түзіп, атқарушылық іс жүргізуді басты назарда ұстайды. Былтыр жеке сот орындаушыларының мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұлдарды төлету туралы атқарушылық құжаттарын орындау бойынша қабылданатын шараларының толықтығы мен заңдылықтың сақталуына қатысты прокуратуралық талдау жүргізілді. Нәтижесінде жеке сот орындаушылары 46 құжат бойынша қаражатты өндіріп алу шараларын жүргізіп жатқаны анықталды. Бұл істердің орындалуы екі ай мерзімнен асып кеткен. Алайда, әкімшілік айыппұлдарды борышкерлерге төлету басты міндет болып қала береді.
Сөз арасында “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 669-бабына сәйкес сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамаған жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатынын не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынатынын, ал лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынып немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынатынын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке де тартылады.
Қарызды өндіріп алу үшін прокуратура сот орындаушыларымен және полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, рейдтік шаралар өткізеді. Айыппұлды мерзімінде төлеу бюджетті толықтырумен бірге зейнетақы, жәрдемақы, дәрігерлердің, мұғалімдердің жалақысын кешіктірмей өтеуге септігін тигізетінін әркімнің жете түсінгені абзал.

Алмас АСАЙЫНОВ,
Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасының
аға прокуроры.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp