«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ардагерлерге – компьютер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы “С.М.Киров” атындағы зауыт” акционерлік қоғамының басшылығы облыстық “Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлерінің одағы” қоғамдық бірлестігіне су жаңа компьютер сыйға тартты.

“ZIK” маркілі компьютер жергілікті зауытта құрастырылған. Құрылғы кеңсе жұмыстарына сәйкес жабдықталған. Аталмыш техниканы карантин басталғалы еліміздің мектеп оқушылары қашықтан білім алу мақсатында пайдаланып келеді. Солтүстікқазақстандық өнім облысымыздан бөлек, Ақмола, Павлодар және Қостанай өңірлеріндегі орта білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне үлестірілді.
Қоғамдық бірлестік өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында патриоттық сарындағы шараларды жиі ұйымдастыратындықтан осындай сандық құрыл­ғыларға зәру болатын. Бұдан бөлек, ұжымның ішкі құжаттарын толтыру үшін компьютер аса қажет еді.
– Қоғамдық бірлестіктің мүшелері әскери-патриоттық кездесулерге, семинарлар мен ашық сабақтарға жиі қатысады. Осындай кездерде компьютерлердің қажеті сезілетін. Біз жергілікті кәсіпорынға хабарласып, қолдау көрсетулерін сұрадық. Олар өтінішімізді жерде қалдырмады, – дейді интернационалист-жауынгер Ерік Тәттібаев.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp