«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСКЕРТКІШ ОРНАТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бар ғұмырын, дарыны мен білімін халқының өсіп-өркендеуіне арнаған ардақты азамат Еркін Нұржанұлы Әуелбеков көзі тірі болғанда 2020 жылғы 22 маусымда 90 жасқа толар еді. Қайраткер тұлғаның есімі, атқарған іргелі істері оның көзін көрген, қызметтес болған, қамқорлығының шапағатын сезінген жандардың есінде сақтаулы.

Еркін Әуелбеков Мәскеудегі К.Тимирязев атындағы академияны бітірген соң алғашқы еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысында агроном болып бастап, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Социалистік Еңбек Ері атанды. 1965-1967 жылдары Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Астық өнімдері және құрамажем өнеркәсібі министрі болған Еркін Әуелбеков 1968-1988 жылдары Көкшетау, Торғай және Қызылорда облыстарын басқарды. Жиырма жылдың ішінде ол басқарған бұл өңірлерде ғасыр жүгін арқалайтындай стратегиялық маңызы зор өміршең бағдарламалар жүзеге асырылды.
Мәселен, Көкшетау облысы астық өндіруден Кеңес Одағы бойынша алғашқы ондықтың қатарында болды. Өнеркәсіп пен құрылыс бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамыды. Жаңа аэропорт, темір жол вокзалы, Мәдениет сарайы салынып, жаңа шағынаудандар пайда болды. Еркін Нұржанұлының өлшеусіз еңбегінің арқасында Көкшетау еліміздің сәулетті қаласына айналды. Ең бастысы қазақ ауылдарының негізінде кеңшарлар құрылып, жергілікті ұлт өкілдері басшылық қызметке тартылды. Ондаған жылдар бойы бұрмаланған кадр саясаты осылай салтанат құрды.
Аралдың аянышты тағдырына, Байқоңырдың әлеуметтік ауыр жағдайына, Сыр өңірінің түйткілді тіршілігіне биліктегілердің көзін жеткізіп, бес бірдей қаулы қабылдатты. Торғай­дың ең даласына жол тарттырып, жаңа кен орындарын аштырды. Бұл ел ардағы Еркін Нұржанұлының шапағатымен жүзеге асырылған жасампаз істердің бір парасы ғана.
Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің 90 жылдығына орай Көкшетауда республикалық ғылыми-практикалық конференция, грек-рим күресінен республикалық турнир, басқа да мәдени-көпшілік шаралар өткізу жоспарланғанымен коронавирустық пандемия бұған елеулі өзгерістер енгізді. Алайда, облыстық және қалалық ардагерлер кеңестерінің бастамасымен “Өлке даңқын асырғандар” кіта­бы шығарылып, Қ.Сәтбаев көшесі, 15 үйдің қабырғасында орнатылған мемориалдық тақта маңы абаттандырылды.
Ақмолалық зиялы қауым мен әріптестерінің, шәкірттерінің өтініші бойынша республика үкіметі ұлы тұлғаға Көкшетау қаласында ескерткіш орнату жөнінде шешім шығарды. Осыған орай ескерткіш орнататын орын ретінде Еркін Әуелбеков пен Смағұл Сәдуақасов көшелерінің қиылысы белгіленді. Осы қағиданы негізге ала отырып, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы” мемлекеттік-коммуналдық мекемесі Көкшетау қаласында Еркін Әуелбековке орнатылатын ескерткіштің үздік жобасына ашық республикалық конкурс өткізді. Жеңімпазды Мәдениет және спорт министрлігі анықтайды.
Құрметті жамағат! Ескерткіш жеке тұлғалардың, демеушілердің қаражатына салынатын болғандықтан көптен армандаған ізгілікті істің сәтті шешім табуы өзіміздің жоғары саналық танытып, дер кезінде қолдау жасауымызға байланысты. Сол себепті меншіктің қай түріне жататындығына қарамастан еңбек ұжымдарынан кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындардан “Еркін Әуелбеков қоры” қоғамдық қорына қаржы аударуларыңызды өтінеміз.
Деректемелер: “Еркін Әуелбеков қоры”
БИН/ИИН: 200340018351.
Ағымдағы шот (IBANсчет) КZТ: КZ9796520F0007519551
Банк: ForteBank” АҚ Көкшетау қалалық филиалы
SWIFT код: IRTYKZKA
Банктің БИН-і: 061241002275
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8-747 -198 34 -12 және 8 -701- 710- 68- 18.
Еркін Әуелбековке ескерткіш
орнату жөніндегі Ақмола облыстық ұйымдастыру комитеті.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp