Санитариялық-эпидемиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты ұсынды.
Өткен тәулікте ел аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 2 577 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 933 адам, анықтамасыз 644 Қазақстан азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 461 жолаушы, анықтамамен – 1 174, анықтамасыз – 287;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 116 жолаушы, анықтамамен – 759; анықтамасыз – 357.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 30 қаңтарында анықтамасыз келген 447 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Анталия – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
https://egemen.kz