«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың депутаты Ирина Эктованың төрағалық етуімен халықтың денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Жиында халық қалаулылары алдағы жұмыс жоспарларын бекітіп, жаңа құрамдағы комиссияның бірінші кезектегі міндеттерін айқындады. Қарастырылатын мәселелерді терең зерделеу мақсатында алдағы уақытта аудандар мен ірі елді мекендерде көшпелі мәжілістер өткізу жоспарланды.
Комиссия төрайымы өз сөзінде депутаттар алдында партиялардың сайлауалды бағдарламаларын мүлтіксіз жүзеге асыру міндеттері тұрғанын, азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, дені сау ұлт, әлемдік стандарттарға сай білім деңгейі, мәдениетті дамыту және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу басым бағыттар болып табылатынын жеткізді.
“Алға қойған мақсаттарға жетуде, өзекті мәселелерді шешуде бірегей тәсілдерді қолдануымыз керек. Өңірдің дамуы және оның әрбір тұрғынының өмір сапасын жоғарылату жолында белсенді әрекеттер жасайтын боламыз”, – деді ол.

Қайрат САДЫҚОВ,
облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp