«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚЫТУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім беру жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарында бірқатар өзгерістер орын алды. Жаңашылдық 2020 жылғы шілде айынан күшіне енді. Олардың орындалуын облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары бақылап отырмақ.

Білім беру жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары заман ағымына сай жаңарып, же­тілдіріліп отырады. Мәселен, бұдан былай біліктілік талаптары барлық білім ошақтарына жалпылама болмай, лицей, гимназия, мамандандырылған мектептер үшін жеке дара нақтыланды.
– Білім берудің сапасын қамтамасыз ету мақсатында педагог кадрлардың құрамы, материалдық-техникалық база, материалдық активтердің қажеттілігі айқындалды. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқуына жағдай жасау, оқушылардың жатын орындарын қарастыру мәселелері де назарымыздан тыс қалмады, – деп атап өтті департамент басшысы Айнагүл Сұрағанова.
Арнайы білім беру ошақтарын тамамдаған түлектердің жұмысқа орналасуын, мұғалімдердің біліктіліктерін арттыруды қарастыратын жеке дара талаптар да бекітілген. Материалдық базаға келсек, осы оқу жылынан бастап еліміздегі барлық мектептерде бастауыш сынып оқушылары жеке пайдалануға арналған шкафтармен қамтамасыз етілуі қажет. Жиhаз саны 1-4-сыныптарда оқитын бала санына сәйкес келуі тиіс.
Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінің ғимараттарында және аумағында бейнебақылау құрылғыларын орнату туралы талап бар. Біліктілік талаптары орындалмаса, мектеп басшыларына тиісті жаза қарастырылады. Әкімшілік кодекстің 464-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды немесе заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың көлемі 45 айлық есептік көрсеткішті құрап, мекеменің лицензиясы тоқтатылуы мүмкін.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,
“Soltústik Qazaqstan”.

 

Сурет: https://zanmedia.kz/

 

 

  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp