Әлемде вирусты жұқтырғандар саны азайып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус кезекті баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді.
«Соңғы мәліметтер коронавирус мутацияға ұшырап, жаңа штамдардың пайда болғанына қарамастан, індетті бақылауға алуға болатынын көрсетіп отыр. Яғни, егер біз осы уақытқа дейін өзінің тиімділігін көрсеткен санитарлық шараларды жалғастырсақ, адамдардың дертке шалдығуын азайтуға қолжеткізе аламыз», деді ДДҰ басшысы Т. Гебрейесус.
Оның айтуынша, бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтық сынды сақтық шараларды сақтауды жалғастыра беру қажет.
https://egemen.kz