«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жастар бастамалары бөлімі «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында диалог алаңын ұйымдастырды. «ZOOM» арқылы өткен шараға 70-тен астам солтүстікқазақстандық жас қатысты.

Жиында аталмыш бөлімнің маманы Даяна Оспанова қазіргі пандемия жағдайында саламатты өмір салтын ұстау індеттен сақтайтын негізгі амалдардың бірі екенін жеткізді.
– “Бірінші байлық – денсаулық” деген нақылды білмейтін адам кемде-кем. Дегенмен, кей істеріміз соған кереғар келіп, денсаулығымызға атүсті қарайтынымыз жасырын емес. Мұны, әсіресе, жастардың бойынан байқауға болады. Кейбір қыз-жігіттер суық күндері жеңіл киіну, зиянды қоспалары бар тамақ жеу, бүкірейіп отыру сияқты әрекеттерге әдеттеніп алған. Әсіресе, індет алқымнан алған бүгінгі таңда жаман әдеттерден бойды аулақ ұстап, таза ауада сергіп, табиғи таза өнімдерді тұтынған жөн, – деді спикер жастарға.
Бұдан кейін емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы-әдіс­кер Рүстем Арманов денені жаттықтырудың мән-маңызы туралы айтып берді. Маман өткен жылы карантин кезінде “Онлайн емдік дене шынықтыру” жобасы аясында 300 мың теңгеге қажетті жабдықтар сатып алынып, “YouTu­be” бейнехостингіне жатты­ғу үлгілері көрсетілген бейнероликтер жүктелгенін жеткізді.
Сонымен қатар “Сау жүрек” жо­басы аясында волонтерлер жастар арасында бірінші байлықты сақтауға үгіттейтін парақшалар таратқан. Бұл шарапаты мол жұмыстар әлі күнге дейін жалғасуда.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Soltústik Qazaqstan”.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp