«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘБИ ЕСІН ЖИҒАН ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан екі апта бұрын облыстық балалар ауруха­насының жансақтау бөліміне түскен үш жасар қыз ауыр халде жатыр. Туған анасы ұрып-соққан сәби әлі күнге дейін есін жиған жоқ.

Бүлдіршін ауруханаға қаңтардың 17-і күні жеткізілген-ді. Дәрігерлер түрлі дене жарақатынан бөлек, оның миының шайқалғанын анықтады. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күдікті – 22 жастағы туған анасы. Орын алған оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі “Кәмелеттік жасқа толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар қа­жетті сараптама тағайындалды.
Аталмыш бап бойынша күдікті 6 жылдан 10 жыл­ға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, 8 жылдан 12 жылға дейін қамауға алу жазасы өз күшіне енеді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltústik Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp