ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРУ — МІНДЕТ
2020 жылдың 10 желтоқсанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталмыш құжат нормаларына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасына енгізілген бірнеше өзгеріс күшіне енді.