«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Украина Зеленскийге импичмент жарияламақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Оппозиционная платформа — За жизнь» партиясы Украина президенті Владимир Зеленскийге импичмент жариялау рәсімін бастайды.

Бұл туралы Жоғарғы Радада депутат Вадим Рабинович мәлімдеді. Мұның себебі – мемлекет басшысының оппозициялық телеарналарға қарсы санкция енгізуі. Оның айтуынша, Владимир Зеленский «сайлаушылар мен елді мазақ етті».
Бір күн бұрын Украина президенті бірқатар телеарнаға және олардың иесіне қарсы санкция енгізді. Бұл шаралар активтерді бұғаттауды, сауда операцияларын шектеуді, капиталды шетелге шығаруға жол бермеуді, лицензиялардың күшін жоюды, сондай-ақ Украинаның радиожиілік ресурсын пайдалануға тыйым салуды және телебағдарламаларды таратуды көздейді.
Қазіргі таңда үш телеарна («112 Украина», ZIK и NewsOne) хабар таратуды тоқтатқан. Олар Зеленскийдің шешімін «БАҚ-ты саяси қудалау» деп санап отыр. Ал фракцияның тағы бір төрағасы Юрий Бойко биліктің бұл әрекетін конституцияны тікелей бұзу және Украинада жеке диктатураны орнатуға жол деп атап отыр.
https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp