Соңғы үш ай ішінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі SCAT авиакомпаниясымен бірлесіп Қазақстанда Boeing 737 MAX іске қосуға дайындық жүргізіп жатыр.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе компанияға тренингтер өткізуге, өндірушінің жаңартылған процедураларын ұстануға, сондай-ақ ұшу, биіктікке көтерілу кезеңдерінде және эшелонда жылдамдық құралдары дұрыс көрсетілмеген жағдайда экипаждардың әрекеттерін тренажерлік даярлау бағдарламасына қосуды ұсынды.
Қазіргі уақытта SCAT инженерлік-авиациялық қызметі және Қазақстанға келген Boeing компаниясының техникалық мамандары әуе кемесін қайта іске қосудың және бағдарламалық жасақтаманы модификациялаудың барлық шарасын аяқтады.
SCAT ұшқыштары әлемдегі сертификатталған жаттығу орталықтарының бірінде тренажерлік дайындықтан өтті. Алдағы аптада компания тестілік ұшуларды орындауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта әуе кемесі әуе кемесін өндірушінің және АҚШ пен Қазақстанның авиациялық билік орындарының талаптарына сәйкес оны пайдалануға қайтару бойынша техникалық жұмыстарды орындаудың қорытынды кезеңінен өтіп жатыр.
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау бойынша сертификаттық тексеруді 2021 жылғы ақпанда жүргізу жоспарланып отыр. “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ әуе кемесінің коммерциялық ұшуларды қалпына келтіруге дайындығын тексереді.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың наурыз айында Азаматтық авиация комитеті SCAT әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануды уақытша тоқтатты. Қазақстандық тізілімде осы үлгідегі бір әуе кемесі тіркелген.
Boeing 737 MAX-тің жұмысын барлық елдер екі қайғылы авиациялық апаттан кейін уақытша тоқтатты.
Boeing компаниясы Boeing 737 MAX коммерциялық пайдалануға қауіпсіз оралу және қайта сертификаттау үшін АҚШ Федералдық авиация басқармасының (FAA) және басқа да реттеуші органдардың барлық талаптарын орындады.
Жүргізілген жұмыс барысында 4400 сағаттан астам тестілеу өткізілді, оның ішінде 1350 ұшулар орындалды. Реттеушілер жүргізген ұшақтың ұшу сынақтары жаңартылған бағдарламалық жасақтаманың қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсетті.
2021 жылдың 27 қаңтарында 737 MAX Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық авиациялық агенттігі агенттігі (EASA) және Ұлыбританияның Азаматтық авиация басқармасы (UK CAA) мақұлдады, бұл Еуропада ұшуды қайта бастауға жол ашты. Бұған дейін Boeing 737 MAX АҚШ Федералды авиация дирекциясынан, Бразилия Ұлттық азаматтық авиация агенттігінен және Канада көлік департаментінен сертификат алған болатын.
Пайдалануды бағалау жөніндегі бірлескен кеңестің (JOEB) шеңберінде АҚШ, Канада, Еуропа және Бразилиядан келген авиациялық реттеушілері ұшқыштарды оқытуға қойылатын талаптарды, оның ішінде тренажерлік даярлықты бағалады. Жаңартылған бағдарламалық жасақтама мен ұшқыштарды оқытудың жаңа жүйесі реттеушілермен, олардың қатаң талаптары мен стандарттарына сәйкес әзірледі және тексерділді.
2020 жылдың қараша айында АҚШ Федералдық авиация басқармасының (FAA) жұмысын қалпына келтіруге рұқсат алған сәттен бастап Boeing 44 737 MAX ұшағын жеткізді. 2021 жылғы 2 ақпандағы жағдай бойынша алты әуе компания осы үлгідегі әуе кемелерінде коммерциялық рейстерді орындайды. Жалпы алғанда, олар осы ұшақтарда 3400-ден астам коммерциялық рейстер жасады. Әуе кемелері коммерциялық пайдалануға қайтып келген сайын рейстер саны үнемі артып келеді.
https://egemen.kz