«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЫНМЕН ЖҮЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

   

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Туған жер» бағдарламасы аясында тікелей эфирде «Ақын жыры – өмір сыры» тақырыбында жерлес ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық, аймақтық жыр мүшәйралардың жеңімпазы Тоқтар Зікіринмен кездесу өтті. Онда оқырмандар автордың жуырда ғана жарық көрген «Жүрек сыры» атты өлеңдер жинағымен танысуға мүмкіндік алды.

        Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының бас кезінде балауса жырларымен әдебиетсүйер қауымның назарына іліккен Тоқтар Зікірин – бүгінде алты жыр жинағының авторы. Оның қаламынан «Жан шуағы», «Көңіл көкжиектері», «Тіршілік тынысы», «Бұл бір дәурен» атты жыр кітаптары мен «Өмір өзегі» тақырыбында толық таңдамалы шығармалар жинағы басылып шықты.
Жуырда ғана жарық көрген алтыншы кітабына соңғы кездері жазылған, тіршіліктің сан алуан тақырыптарын қамтитын өлеңдері енген. Ақын бүкіл адамзатты толғантатын өзекті мәселелерді қозғайды. Азаматтық, әлеуметтік әуендегі және табиғат жырларымен көпшіліктің көкейіндегі ойын айтса, жастықтың сезімді сырларымен жүрек қылын тербейді.
    Шара барысында қаламгер «Жүрек сыры» кітабынан әртүрлі тақырыптағы өлеңдерін оқып, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Елена СКАКУНОВА,
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық
ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp