«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЙНЕБАҚЫЛАУДЫҢ КӨМЕГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының 57 жастағы тұрғыны Хименко көшесі бойында орналасқан гаражынан құрал-саймандары мен құны 500 мың теңге тұратын автоқосалқы бөлшектерінің ұрланғанын айтып полицияға хабарласады. Гараждарға апарар жолға жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары орнатылған болатын. Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері бейнежазбаларды зерделеу кезінде күдікті «ГАЗель» автокөлігін байқаған. Көліктің иесі хабарландырулар сайты арқылы тапсырыс алып, гараждан тиеген заттарды металл қалдықтарын қабылдау пунктіне жеткізгенін айтқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «тапсырыс беруші» – бұрын бірнеше рет сотты болған 33 жастағы азамат ұсталды. Күдіктіге қатысты келуі туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы қабылданды. Ұрланған заттың бір бөлігі алынды.

Қаңтар айында жедел басқару орталығының бейнебақылау операторлары Петропавл қаласында 1500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты және қылмыстарды ашуға септігін тигізген 18 фактіні анықтағанын айтып өткен жөн.

Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің инспекторы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp