«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бюджеттің бүйірі бүтін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың экономика, экология, бюд­жет, салық және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның алғашқы отырысында өңірдің өткен жылғы қаржы-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Комиссия төрағасы Еркебұлан Мәмбетов былтыр экономикалық көрсеткіштер бойынша нақты салаларда ілгерілеу болғанын, өсім қарқыны сақталғанын жеткізді. 2019 жылмен салыстырғанда салық түсімдері – 34,7, жергілікті бюджет кірістері – 22,3, зейнетақы қорына аударымдар 44 пайызға өскен. Облыс экономикасының айтарлықтай дамуы нәтижесінде бюджеттің шығыс бөлігі 32 пайызға көбейген. Биылғы жылдың бюджеті 26 пайызға ұлғайтылып, 330 млрд. теңгеге жеткізілді. Бұл ретте бюджеттің жартысы әлеуметтік саланы қолдауға бағытталады.
Комиссияның жұмыс жоспарына енгізілген мәселелер алдағы уақытта тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстары мен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылатын болады.

Қайрат САДЫҚОВ,
облыстық мәслихаттың
баспасөз хатшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp