«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВИРУСҚА БАЛАЛАР ДА ҚАРСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Достық үйінде 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар арасында «Сәлем, вирус, тоқтай тұр!» деген тақырыпта өнертапқыштар байқауы өтті.

Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсылығын шығармашылық жолмен білдірген бүлдіршіндердің еңбегін бағалау барысында қазылар алқасы жұмыстардың дайындалу сапасы мен дизайнына, жаңа технологияларды пайдалануына, күрделілігіне және бұйымдардың практикалық қолданылу мүмкіндіктеріне баса назар аударды.
5-9 жастағы кіші топтар бойынша «антивирус» медициналық маскалар жиынтығын ұсынған Джамиль Баязитов пен Злата Димитриади жеңімпаз атанды.
10-14 жас аралығындағылар арасында Полина Репецкая бірінші орынды иеленді. Ол масканы үнемі «еске түсіретін» сөмкені ойлап тапты. Үлкен топта Карина Зикрина «антивирустық белбеу-ұйымдастырушы» өнертабысымен дараланды.
Үздік шығармалар облыстық ассамблеясының еріктілер қозғалысы орталығы ұйымдастыратын қайырымдылық акцияларында пайдаланылатын болады.

Ринат ШАМСУДДИНОВ,
«Қоғамдық
келісім» КММ-нің бөлім
жетекшісі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp