Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге үстіміздегі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей ағымдағы төлемдер сомаларының есебін беру қажеттігін ескертедi.
Бұл ретте төлемақы сомасы бюджетке тең үлестермен үстіміздегі жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірілмей төленуі тиіс.
Мемлекет төлемақы төлеудің жоғарыда санамаланған мерзімдерінің бірінен кейін жер учаскелерін уақытша пайдалануға берген жағдайларда, төлемақының бюджетке енгізілуінің бірінші мерзімі төлеудің келесі кезекті мерзімі болып табылады.
Лилия ӘБІЛОВА,
Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының бас маманы.