«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮН ОРТАСЫНДАҒЫ ӨРТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аққайың ауданының аумағын­да тасжол бойында түнгі кезекшілікте жүрген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дияр Егізбаев пен Владимир Цыбортқа жүргізушілердің бірі Астраханка ауылында үйден түтін шығып жатқанын хабарлаған.

Полицейлер бірден оқиға орнына бет алып, өрт сөндіру қызметін шақырған. Жолдың арғы жағында орналасқан үй өртенген екен. От үйдің шатыры мен дәлізін жалмаған. Тәртіп сақшылары терезелерді бұзып, үй ішіндегі адамдарды іздеген. Алайда, ешкім жауап бермеген. Бұл уақытта отбасы мүшелері үйдің сыртына шығып үлгеріпті. “Бізге баласын ерткен ерлі-зайыпты келді, – деді полиция старшинасы Владимир Цыборт. – Ер адам маған ұстай тұруға матаға оралған бірдеңені ұстата салды. Бастапқыда жинап үлгерген киімдері шығар дегенмін. Сәби екенін білгенде, шошып кеттім. Бірден оларды патрульдік көлікке отырғыздық”.
Өртсөндірушілер келгенін күткен полицейлер кейін отбасы мүшелерін туыстарының үйіне жеткізген. Келесі күні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері үйі өртенген отбасына күнделікті тұрмысқа қажетті заттар жинастырып берді.

Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің инспекторы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp