Денсаулық сақтау министрлігі 5 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Қазақстанның үш облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта Батыс Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Қарағанды облыстары бар.
Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта. Матрица жалпы Қазақстанның «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін көрсетті.
https://egemen.kz