«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПШІЛІКТІҢ КӨКЕЙІНДЕГІ МӘСЕЛЕ есеп беру кездесулерінде бүкпесіз айтылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері одан әрі жалғасуда. Онлайн басқосуларда жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар таныстырылуда. Ауылдықтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пішенбаевтың есеп беру кездесуіне өңір басшысы Құмар Ақсақалов онлайн байланыс арқылы қатысты.

Қайрат Сәкенұлы былтыр облыстық қазынадан 6,9 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 60 пайызға көп. Агроөнеркәсіп кешеніне 4,5 млрд. теңгеден астам инвестиция құйылған. Ет өнді ру – 5, сүт – 3,3, жұмыртқа 1,6 пайызға артқан. Бір мыңнан астам асылтұқымды ірі қара сатып алынған.
Аудан бойынша 200 адам үй кезегінде тұр. Бұл мәселе шешімін тауып келеді. “Еңбек” бағдарламасы бойынша 55 үй тұрғызылған. Биыл 52 баспана салу жоспарланған. Бұдан бөлек, аудан орталығында екіқабатты тұрғын үй қалпына келтірілмек. Соңғы үш жылда аудан аумағындағы жолдардың үштен бірі жөнделіп, көшелерді жарықтандыру 54 пайызға артқан.
Ауданның 2021 жылға арналған жоспары ауқымды. 600 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы мен 4 елді мекенде бордақылау алаңы және шаруашылық базалары құрылады. Қарасу ауылдық округінде сүт сатып алу және өңдеу кешені іске қосылады.
Баяндамашы түйткілді мәселелерді де атады. Аудан экономикасының маңызды саласы саналатын агроөнеркәсіп кешені бойынша көрсеткіштердің төмендеп кеткені байқалады. Оның бір себебі, ауа райының қолайсыздығы болса, екіншіден, минералдық тыңайтқыш аз сіңірілген. Сондай-ақ, ұялы байланыс желісін жүргізу жұмыстары да сылбыр. Былтыр 5 елді мекен ғана байланысқа қосылған.
Аудан әкімі баяндамасын оқып болған соң тұрғындардың сауалдарына жауап берілді. Аудан тұрғыны Қайролла Әдикенов Өндіріс, Жұмысшы, Жамбыл ауылдарына баратын автомобиль жолдарын жөндеуге қаржы бөлінсе деген тілегін жеткізді. Сауалға жауап берген облыс әкімі бұл бағыттағы аудандық маңызы бар жолдардың 3,6 шақырымын жөндеуге қаражат қарастырылған айтты. Құмар Іргебайұлы аудан әкіміне бірқатар міндеттер жүктеді. Игерілмей жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтарып алуды, Кішкенекөл ауылы мен басқа елді мекендерде балабақшалар ашуды, ауызсумен толық қамтуды тапсырды.
– Сұрақтардың көпшілігі әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде жолға, инфрақұрылымға қатысты қойылды. Былтыр жолдарды қалпына келтіруге 1,4 млрд. теңге бағытталған. Биыл бұл салаға қаражат көбірек бөлінеді, – деді Құмар Ақсақалов.

* * *
Мағжан Жұмабаев ауданындағы Мағжан, Таман және Успенка ауылдық округтерінде есептік кездесулер дәстүрлі түрде ұйымдастырылса, қалған 15 округте онлайн өтуде. Есептік кездесулер 9-шы ақпанда түйінделеді. Аудан әкімі Қайрат Омаровтың Полудин ауылдық округінде онлайн форматта өткен кездесуіне тұрғындар, кәсіпкерлер, мекеме, ұйым жетекшілері қатысты.
Округте 1474 адам тұрады. Алты шаруашылық, 26 кәсіпкер жұмыс істейді. 11 дүкен, наубайхана, жанар-жағармай стансасы, мал сою қосыны орналасқан. Ганькино ауылында балалар ойын алаңын орнату, көшелерді жарықтандыру, кәсіпкерлікті дамыту сияқты міндеттер тұр.
Қайрат Қайроллаұлы Мағжан ауылдық округіндегі есепті кездесуінде “Аймақтарды дамыту” бағдарламасы бойынша бөлінген 1,6 млн. теңгеге Жастар ауылына электр шамдары орнатылғанын, Сарытомар ауылына 3 млн. теңгеге су өткізу жұмыстары атқарылғанын, оңтүстік жақтан қоныс аударушылар үшін жаңа үйлер бой көтеретінін жеткізді.
Жастар ауылына су қашан тартылады деген сұраққа тиісті құжаттар әзірленіп, сараптамаға жіберілгенін, кейін қаржы бөлі-нетінін айтты. Сарытомарлық-тардың ұзындығы 600 метр көшеге су тартуға көмек беру туралы өтініші шешімін табатын болды. Ауылдықтар мал бағуға жайылым, шабындық жерлердің жетіспейтінін, бастауыш мектеп жабылып қалуы мүмкін деген күдіктерін де бүгіп қалмады.
Таман ауылдық округінде болған кездесуде медициналық пунктке “Жедел жәрдем” көлігі бөлінгені, сүт қабылдау бағасы 95 теңгеге көтерілгені, Совет-ское-Булаево бағытындағы 19 шақырым тасжолдың жөндел-гені, Таманское елді мекеніндегі Мәдениет үйі қалпына келтірі-летіні, су тарту желісін салуға жо-балық-сметалық құжаттар әзір-ленгені айтылды.

* * *
Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов та есеп беруде. Жаздың қуаңшылығына қара-мастан аудан диқандары өткен жылы 313 мың тоннадан астам астық жинаған, оның 42 мың тон-насы – майлы дақылдар. Гектар берекелігі 17 центнерді құраған. Бұл – облыстық орташа көрсет-кіштен жоғары. 557 шақырым жолдың 62 шақырымы күрделі жөндеуден өткен. Аудандық ма-ңызы бар жолдарды жөндеуге 2,2 млрд. теңге қарастырылған. Сергеевка қаласында 71,5 млн. теңгеге жылу трассасы бар қа-зандық қойылған. Оған 2 көппә-терлі тұрғын үй, 6 жер үй, аудан-дық Мәдениет үйі қосылған. Дене шынықтыру және сауықтыру кешені аумағына екінші қазандық орнатылған.
– 2600 басқа арналған 4 асыл-тұқымды репродуктор жұмыс істейді. Сүт сатып алумен 4 тұ-тыну кооперативі және Сер-геевка май зауыты айналысады. Биыл 600 басқа арналған тауар-лы-сүт фермасының, 500 басқа шақталған бордақылау алаңы-ның құрылысы басталады, – деді тұрғындар алдында есеп берген аудан әкімі Рахат Смағұлов.
Кеңес, Октябрь, Городецкий, Ступинка мектептеріне күрделі жөндеу жүргізіледі. Оқушыларды тасымалдау үшін 2 “ГАЗель” кө-лігі сатып алынады. 4 мектепте қазандықтар ауыстырылады. Былтыр аудандық аурухананың жөндеу жұмыстарына 100 млн. теңге жұмсалса, стационардың инженерлік желілерін жаңартуға биыл 116 млн. теңге бағыттал-мақ.
Әр үйді орталықтандырылған су және жылу жүйесіне қосу басым бағыттардың бірі болып отыр. Бүгінгі таңда 43 елді мекен-нің 5-еуінде ғана су үйге тар-тылған. Сапалы ауызсумен қам-тамасыз ету деңгейі – 59 пайыз. Биыл бұл көрсеткішті жақсарту қажет. Сергеев су тарату желі-лерін жөндеуге 65 млн., Кре-щенка су құбырына 55 млн. тең-ге бөлінді. Тағы 16 ауылды ор-талықтандырылған сумен жаб-дықтау үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындауға 2,5 млн. теңге қарастырылған.

Өмір ЕСҚАЛИ,
“Soltústik Qazaqstan”.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp