«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ — ЖАНАРТАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгін менің туған күнім.

Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр
                                     тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ
қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың
шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын
лақтырып,
“Мынау – шапан, Мынау – атың, мін”, – демей.
Бүгін “күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған” жыр ақиығы, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды. Көзі тірісінде қазақтың қара өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлендірген ақын артына 650-ден астам лирикалық өлең қалдырған. Әр туындысы оқыған адамның көңіл түкпіріндегі оймен үйлеседі, жабырқаған жаныңды жадыратып, ақберен қиял қанатына отырғызып, алысқа шарлатады. Оның өлеңдерінің өміршеңдігінің себебі де осында болса керек. Мұқағали Мақатаевтың топтама өлеңдері мен күнделігінен үзіндіні газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp