Жуырда елімізде зейнетақы жасы төмендейді деген ақпараттар желіде қызу талқыланып жатыр. Тиісті хаң жобасын 5 ақпанда парламентшілер екінші оқылымда мақұлдаған екен-міс. Бұл туралы stopfake.kz шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Политические будни» YouTube-арнасындағы бейнежазбада Қазақстанда зейнетақы жасын төмендету туралы айтылады. Автордың мәлімдеуінше, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап ер адамдар 60 жаста, әйелдер 55 жаста, ал бес және одан көп балалы аналар 52 жаста зейнеткерлікке шығады. ҚР Парламентінің ресми сайтында мұндай заң жобаларын бекіту туралы ақпарат жоқ.
Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде зейнеткерлік жастың төмендеуі туралы ақпаратты бірнеше рет теріске шығарған еді.
– Қазақстанда белгіленген зейнеткерлік жас халықаралық және отандық сарапшылар жүргізген зерттеулердің нәтижелері мен ұзақ мерзімді болжамдарға негізделген. Қазақстандағы зейнетақы жасы халықаралық тәжірибеге, әлемдегі экономикалық және демографиялық жағдайға сәйкес келеді. Сондықтан Қазақстанда зейнетақы жасын өзгерту туралы мәселе қаралмайды, – дейді министрліктің баспасөз хатшысы Александр Кононец.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ерлер 63 жаста, әйелдер 60 жаста құрметті демалысқа шығады. Бұл ретте әйелдер үшін зейнеткерлік жас 2027 жылға дейін 10 жылдың ішінде жыл сайын 6 айға артып отырады.
https://egemen.kz