Облыс орталығында балаларын түнгі серуенге жіберген 60 ата-ана жазаға тартылды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімдердің көше кезуі тұрақты жағдайға айналған.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында ювеналды полицейлер 13 рейд жүргізіп, ішкі істер органдарына кәмелет жасқа толмаған 52 бала жеткізілген. Олардың біреуі есепке алынып, барлығы 90 тәртіп бұзушы әкімшілік жазаға тартылды. Солардың қатарында жасөспірімдердің заңды өкілдері болып табылатын 62 азамат бар. Бәрі де ортақ тәртіпке бағынбай, ұл-қыздарын түнгі уақытта көшеге жібергені үшін жауап берді. Жыл басында балалар тәрбиесіне немқұрайды қараған 110 тұрмысы нашар отбасы есепке алынды.
– Мектеп оқушылары мен студенттердің қашықтан оқуы мәселені ушықтырып отыр. Егер дәстүрлі оқу кезінде ювеналды полицейлер балалармен күнде кездессе, карантинде бұлай әрекет ету мүмкін болмай тұр. Жасөспірімдер жайбарақат жүреді, бұл олардың тарапынан түрлі құқық бұзушылық пен қылмыстың орын алуына себеп болуда. Ата-аналар, содан соң педагогтар мұны уақтылы байқап, шара қолданғандары жөн, – дейді ювеналды полиция бөлімінің бастығы Эльмира Аубшева.
Кәмел ОМАРҚЫЗЫ.