«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан вирус табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2021 жылдың 10 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.

2021 жылғы 10 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.
1304 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 032 адам, анықтамасыз 272 ҚР азаматы болды.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 639 жолаушы, анықтамамен – 603, анықтамасыз – 36;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 560 жолаушы, анықтамамен – 324; анықтамасыз – 236;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 80 жолаушы анықтамамен;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 25 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.
2021 жылдың 9 ақпанында анықтамасыз келген 224 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp