«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 млрд долларға жетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ҚР Ұлттық банкінің төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев Қазақстанның сыртқы қарызының жағдайы туралы айтты.

Бұл ІЖӨ-ге шаққанда 90,7 пайыз.
Азат Өскенбаевтың айтуынша бұл қарыз бюджеттің немесе халықтың қаражаты есебінен төленбейді, өйткені сыртқы борыштың шамамен 80%-ы мемлекет те, қарапайым азаматтар да жауап бермейтін жеке ұйымдардың міндеттемелеріне тиесілі.
«Мемлекеттік сыртқы қарыз ел борышының бар-жоғы 8,2%-ын немесе 13,2 млрд доллар, ал квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы – 12,5% немесе 20,1 млрд долларды құрайды. Бұл жалпы ІЖӨ-ге шаққанда 18,8% және халықаралық тәжірибеге сәйкес, қауіпсіз деңгейге жатады», дейді Азат Өскенбаев.
ҰБ мәліметінше, Қазақстанның тікелей және шартты сыртқы міндеттемелері соңғы үш жыл ішінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыртқы борышын өтеу есебінен 6,2 млрд доллар немесе 15,7%-ға азайып, 2020 жылдың 1 қазанында 33,3 млрд долларды құраған.
Елдің сыртқы қарызының құрылымында ең көп бөлікті жеке сектордың фирмааралық берешегі алып отыр. Оның көлемі 101,3 млрд доллар немесе 62,9%.  Бұл соманың маңызды бөлігі шетелдіктердің қатысы бар үш ірі жоба – Қашағанға және ТШО мен Қарашығанаққа тиесілі. Мұндай жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвесторлар Қазақстанда тіркелген өз тобының компанияларын қаржыландырады. Халықаралық әдіснамаға сәйкес, осындай инвестициялар да елдің сыртқы қарызы болып саналады.
Азат Өскенбаевтың айтуынша Қазақстанның сыртқы қарызына Үкімет пен Ұлттық Банк тарапынан тұрақты түрде мониторинг жасалады және бақылауда.  Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасымен және Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастыру мен қолдану тұжырымдамасымен елдің борыштық тұрақтылығын анықтайтын индикаторлар бар. Ол бойынша мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштың ара-қатынасы – ІЖӨ-нің 60%-нан аспауға тиіс.
Ал елдің сыртқы борышының ара-қатынасы – ІЖӨ-нің 100%-нан аспауы керек. Үкімет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарызының көлемі – Ұлттық қордағы валюталық активтердің жалпы мөлшерінен аспайды. Осы үш көрсеткіш бойынша деңгей өз қалпында.  Сонымен қатар сыртқы борыш – бұл міндетті түрде экономикаға және елдің халқына салынатын жүктеме емес.
Сыртқы міндеттемелер оларды рационалды түрде өтеуге мүмкіндік бар болған кезде инвестициялардың қосымша көзі болып табылады.
«Сырттан қаржы тарту – жаңа технологиялар ағынын қамтамасыз етеді, жаңа жұмыс орындары пайда болады, тікелей салық түсімдерін қамтамасыз етеді, әлемдік өндірістік тізбектерге интеграциялануға және өткізу нарықтарын кеңейтуге септігін тигізеді», дейді Азат Өскенбаев.

https://egemen.kz

Сурет: https://www.abai.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp