«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.02.2021

Мемлекет басшысы сот жүйесін жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткіздіот жүйесін жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалар аталған салаға жаңадан білікті мамандарды жұмылдыруға, әділ сот төрелігін орнықтыруға тиіс екенін атап өтті.

Жұмысшы қазасы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөліміне Новоишимка ауылындағы “АқНанСевер” ЖШС-нің элеваторында оқыс оқиға болғаны туралы хабар түскен. 

Депутаттар алдында есеп берді

Облыстық мәслихаттың депутаттары өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың облыстың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен биыл атқарылатын жұмыс жоспарлары жайлы есебін тыңдап, ұсыныстарын ортаға салды.

Тілсіз жау төрт адамды ажал құштырды

М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, 1993 жылы туған үй иесі және оның 1992 жылғы әйелі мен олардың 2017 жылы туған ұлдары және қонып жатқан бөгде әйел – төртеуі де от құшағында қалып, қаза тапты.  Өрттің күшеюіне жарылған газ балоны қатты әсер еткен. Соның кесірінен үйдің төбесі де ұшып кеткен.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 223 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді

Биыл қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,3 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 154,9 млрд теңге бағытталды.

Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығын қалай төлеу керек?

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат ем қабылдауға ақы төлеуге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану барысында салықтандыру тәртібіне түсіндірме берді. Бұл мақсаттарға біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салудың жеке тәртібі көзделген.

Еліміздің екі облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Комиссия мәліметіне сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта.  Айта кетейік, Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр. https://egemen.kz