Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Комиссия мәліметіне сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
Айта кетейік, Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.
https://egemen.kz