ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат ем қабылдауға ақы төлеуге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану барысында салықтандыру тәртібіне түсіндірме берді. Бұл мақсаттарға біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салудың жеке тәртібі көзделген.
Жеке табыс салығы (ЖТС) сомасын ұстап қалуды «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) жеке тұлғаның таңдауы бойынша екі тәсілдің бірімен ЖТС ұстап қалу туралы өтініш негізінде жүргізеді:
1) БЖЗҚ уәкілетті операторға аударған кезде – бір рет;
2) БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша (зейнетақы аудару басталған келесі айдан бастап) 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады.
Мысалдар келтірейік:
салымшының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы =
8 500 000 теңге;
жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге;
біржолғы зейнетақы төлемі = 5 000 000 теңге (8 500 000 -3 500 000).
ЖТС төлеудің 1-тәсілі
есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10%= 500 000 теңге;
ұстап қалуға және бюджетке аударуға ЖТС сомасы= 500 000 теңге;
біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріс сомасы = 4 500 000 теңге (5 000 000 – 500 000).
ЖТС төлеудің 2-тәсілі
есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10%= 500 000 теңге;
біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріс сомасы = 5 000 000 теңге.
ЖТС зейнетақыдан ұсталатын болады.
«ЖТС ұстап қалудың екінші тәсілін таңдаған кезде (зейнетақыны аудару кезінде кейінге қалдыра отырып) кейінге қалдыруды алғаннан кейін болған жағдайлар бойынша ЖТС ұстап қалу бойынша жекелеген ережелер белгіленген:
– ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде – зейнетақы төлемінің сомасынан бір рет;
– зейнетақы жинақтарының сомаларын сақтандыру ұйымдарына аудару кезінде – зейнетақы төлемінің сомасынан бір рет;
– қайтыс болған жағдайда – мұрагерлермен мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарымен бір мезгілде», – деп МКК-де толықтырды.
https://egemen.kz