Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөліміне Новоишимка ауылындағы “АқНанСевер” ЖШС-нің элеваторында оқыс оқиға болғаны туралы хабар түскен.
Дәнді дақылдарды сақтауға арналған қойманы тазалау кезінде 36 жастағы жұмысшы оған құлап, мерт болған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын қарап, куәгерлерден жауап алды. Өндірісте қаза болу фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатқанын облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің мамандары хабарлады.
Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,
“Soltüstık Qazaqstan”.