«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шарм-эль-Шейхтен келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 11 ақпанда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жариялады.

Өткен тәулікте ел аумағына Германия, Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.
2 207 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 782 адам, анықтамасыз 425 Қазақстан азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 143 жолаушы, анықтамамен – 867, анықтамасыз – 276;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 008 жолаушы, анықтамамен – 861; анықтамасыз – 147;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, екі жолаушыда анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 54 жолаушы, анықтамамен – 52; анықтамасыз – 2.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
10 ақпанда анықтамасыз келген 272 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp