«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстанның Армения, Швеция және Бразилиядағы елшілері тағайындалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның Армения, Швеция мен Бразилиядағы елшілері тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: 
Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp