«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.02.2021

Олжалы оралды

Шымкент қаласында ауда­рыс­пақтан республикалық турнир өтті. Аталмыш са­йыста Түркістан облысы әкі­мінің кубогы сарапқа салын­ды.

ОЛИМПИАДАДАҒЫ ОҒАШ ОҚИҒАЛАР

Төрт жылда бір рет өтетін жазғы Олимпиада ойындарында түрлі оғаш оқиғалар орын ала­тынын көпшілік біле бермейді. Спортшылардың кейбірі допинг дауына ілігіп, жүлде­лерінен айырылса, төрешілерге наразылығын білдіремін деп дүйім жұрттың көзінше медалін жерге атып ұрғандар да бар. Жаһанның басты додасының ұмытылмас қызығы да осында.

ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚТАШЫ

Жамбыл ауданында ірі шаруа қожалықтарының басшылары мен фермерлер малдарын ұрылардан қорғау үшін техникалық жаңашылдықтарды пайдалануда. Аудандағы шаруашылықтарда 89 мың бастан астам мал бар.

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ

Қазіргі таңда білім алуда электронды кітаптардың көмегі көл-көсір. Жуырда М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің кітапханасы сондай жаңа әдебиеттермен толықты.

ЖЫР АЛЫБЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөс­­пірімдер кітапханасында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай “Мудрый поэт из народа” атты әдеби кеш өтті. Кітапханашылар жас оқырмандарын танымал тұлғаның шығармашылығымен кеңірек таныстыру мақсатында “Жамбыл әлемі” кітап көрмесін ұйымдастырды.

ОТҚА ОРАНҒАН ОН ЖЫЛ

15 ақпанда кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылға­нына 32 жыл толады. Өткен күндерге қайта үңілсек, бір ел ішінде орын алған саяси дағдарыстың ақыры үлкен қайғы-қасіретке айналғанын аңғару қиын емес.

Жаман әдеттен ада

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан универси­тетінде білім беру сала­сында жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне қатысты онлайн конференция өтіп, кешенді іс-қимыл жоспарларының орындалу барысы тал­қыланды.

ҚОЛЫ ҚИМЫЛДАҒАННЫҢ АУЗЫ ҚИМЫЛДАЙДЫ

Өткен жылы “Бастау” жобасы аясында Есіл ауданының 37 тұрғыны кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерді. Оның 8-і жеке кәсібін ашу мақсатында жеңілдетілген несиеге қол жеткізсе, 25-і қайтарымсыз гранттың иегері атанды. Солардың бірі – Бейбіт Әбілмәжінов.

Кідіріссіз қызмет

Булаево қаласында “Ашық әкімдік” фронт-кеңсесін ашуға жергілікті бюджет­тен 25 млн. теңге бөлініп, заманауи қызмет көрсету орталығы тұрғындарға өз есігін айқара ашты.

Қамқорлық аясы кеңеймек

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында “Nur Otan” партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру аясында әзірленген “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасын таныстырды. Бұл құжат жуық арада іске асып, өңірімізде тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік …

Қамқорлық аясы кеңеймек Read More »

“Есіл көтерілісі” туралы шындық

Ресей тарихшылары үшін “Ба­тыс Сібір шаруалар көтерілісі”, ал қазақтар үшін “Есіл кө­терілісі” деген атпен тарихта қалған елеулі оқиғалардың бірі осыдан 100 жыл бұрын ақпан айында басталған еді. Кеңес дәуірінде “контрре­во­люция” деп айыпталған қарулы кө­теріліс қазір көрші ел тарапынан ақталып, коммунистік кеңес билі­гіне қарсы шыққан “азаттық со­ғысы” деп бағалануда. Осы пікірді жақтаушылар Қазақстанда да бар. Оның …

“Есіл көтерілісі” туралы шындық Read More »

Қар құрсауында қалғандарға көмек

“Қазір үйдемін, ұзақ сапардан келдім. Солтүстіктегі жол поли­ция­сы­ның қызметкерлеріне ал­ғыс айтқым келеді, өздерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отыра, автокөлік легін түк көрін­бей­тін боранда, көктайғақта бір­неше сағат бойы алып жүруге ба­тыл жүрек қажет”, – деп “Fa­cebook”-те Диляра Есембекова есімді желі қолданушысы жазып­ты. Бұл өткен де­малыс күндері облыс по­лицейлерінің атына жол­даған ри­зашылықтың бірі ғана. Ауа ра­йы­ның …

Қар құрсауында қалғандарға көмек Read More »

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясы 2021 жылғы 17 ақпан күні сағат 15.00-де мына мекенжайда өтеді: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, 1-қабат.

ҚАРЫШТЫ ҚАДАМДАР ЖЫЛЫ Солтүстік Қазақстан облысы көшбасшы өңірлер қатарында

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов онлайн форматта өткен есеп беру кездесуінде өңір тұрғындарын облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылғы қорытындыларымен және биыл атқарылатын негізгі іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

Солтүстік Қазақстан облысында 11800 адам зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігіне ие. Олардың есепшоттарында 20 млрд. теңгеден астам қаржы жинақталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген брифингте айтылды.