«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кідіріссіз қызмет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Булаево қаласында “Ашық әкімдік” фронт-кеңсесін ашуға жергілікті бюджет­тен 25 млн. теңге бөлініп, заманауи қызмет көрсету орталығы тұрғындарға өз есігін айқара ашты.

Мұнда білім беру, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, азаматтық хал-актілерін тіркеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салалары бойынша алты бөлім жұмыс істеп, алпысқа жуық мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
– Аудан орталығында тоғыз мыңға жуық адам тұрады. Бір-бірінен қашық орналасқан елді мекендерден өтініш айта келетіндердің қарасы да аз емес. Енді адамдар кідіріссіз қабылданып, мәселелері жедел түрде қаралады. Бес жаңа жұмыс орны құрылды, – дейді Булаево қаласының әкімі Азамат Қыраубаев. Әкімнің айтуынша, тұрғындардың тілегі ескеріліп, кентті жарықтандыру мәселесі шешімін тапқан. 11 көшеге 150 шам орнатылған. Енді ескі электр бағаналары мен қондырғылар жаңартылмақ. Бәйтерек ауылы округі тұрғындарының да сөздері жерде қалған жоқ, негізгі трассадан Бәйтерекке дейін 24, ауыл ішіне 27 жарық шамы қойылды.
Әкімдік мамандарының халық үніне дер кезінде құлақ асуының арқасында толғақты мәселелер өз шешімін тауып келеді.

Еркебұлан ЕЛУБАЕВ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp