«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫР АЛЫБЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөс­­пірімдер кітапханасында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай “Мудрый поэт из народа” атты әдеби кеш өтті. Кітапханашылар жас оқырмандарын танымал тұлғаның шығармашылығымен кеңірек таныстыру мақсатында “Жамбыл әлемі” кітап көрмесін ұйымдастырды.

Өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағында-ақ өскен орта­сын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Жетісудың әйгілі ақыны Сүйінбайдан тағылым алады.
Кеш барысында жыршының өзге де қабілеттері туралы сөз сабақтаған кітапханашылар балаларды ақын жайлы тың мәліметтермен сусындатуға тырысты. Мысалы олар Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің көмегімен облыс орталығындағы ең ұзын көшеге Жамбыл Жабаевтың есімін берудің маңызына тоқталды. Сондай-ақ, ақын өлеңдерінің шығу тарихын баяндап, оның “Ленинградтық өренім” туындысы Ұлы Отан соғысы кезінде рухты көтеруші ұранға айналғанын атап өтті.
“Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатын­да ақын мұрасына арналған көр­ме ұйымдастырдық. Жамбылдың әр туындысы бүгінгі күні де мән-ма­ңызын жойған жоқ. Сондықтан біз оларды тәрбие құралы ретінде пай­далана аламыз”, – дейді кітапхананың бөлім жетекшісі Шынар Жантаева. Көрмеде Жамбылдың революцияға дейінгі, соғыс кезіндегі өлеңдері, айтыстары көрініс тапқан.
Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp