«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚТАШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл ауданында ірі шаруа қожалықтарының басшылары мен фермерлер малдарын ұрылардан қорғау үшін техникалық жаңашылдықтарды пайдалануда. Аудандағы шаруашылықтарда 89 мың бастан астам мал бар.

Былтыр аудан аумағында мал­ды бағу ережелерін бұзған 151 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рұқсат құжаттарынсыз малды және ет өнімдерін тасымалдағаны үшін 20 әкімшілік хаттама толтырылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе барлық 13 ауылдық округте малға арналған айып тұрақтары белгіленді. Бұл малдарын бақташысыз жіберетіндерді барынша тәртіпке шақырып, жол қозғалысына қатысушыларды қатерден сақтандырады.
Казанка ауылдық округіндегі “Шатило және К” ЖШС-нің басшысы Олег Адамның тәжірибесі көпке үлгі. Төмен жиілікті сым­мен қоршалған 1200 бас мал жайылатын өрістен ұрлық жасау мүмкін емес. Жүйе “Электронды бақташы” деп аталады. Мал ұрыларына қарсы күресте жануарларды таңбалау да көп көмек. Бүгінгі күні Жамбыл ауданында 75 мың бас малға таңба салынған.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Асан Мейрамов ауданда мал ұрлығына жол бермеу мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау жөніндегі облыстық бағдарламаның тармақтары іске асырылып жатқандығын айтты. Пресноредуть ауылдық окру­гі әкімінің аппаратымен бірлесе жылқыларға чип қою бойынша пилоттық жоба қолға алынған. “Турнов” шаруа қожалығында 500 жылқы бар, оның басым бөлігіне чип қойылған. Шаруа қожалығының басшысы Максим Турнов үйірді алып жүретін айғырлардың қарғыбауына автономды іздеу құрылғыларын орнатқан. Ол мал иесінің ұялы телефонына қосылған, оның көмегімен жылқыларының жүрген жерін, ал­ған бағыттарын қадағалап отырады.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің басшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp