«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі таңда білім алуда электронды кітаптардың көмегі көл-көсір. Жуырда М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің кітапханасы сондай жаңа әдебиеттермен толықты.

Заманауи кітаптар универси­тет сайтының “Ғылыми кітапхана” бөлімінде орналасқан. Мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін арнайы 56 аудиожазба орналастырылған. Сондай-ақ, қолжетімді инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету үшін кітапхана қоры Брайль қарпіндегі әдебиеттермен толықты. Студенттерге “Эпиграф” баспасының үш тілдегі 4 мың электронды оқулығы қолжетімді. Одан бөлек, оқырмандар әлемнің 24 ірі электронды базасы мен виртуалды кітапханаларын пайдалана алады.
Ал №3 студенттік жатақханада “Abai: Digital library” акциясы аясында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларының QR-кодтары жазылған стенд орнатылды. Яғни, бұл жерде кез келген адам смартфонның көмегімен қазақстандық, ресейлік және шетелдік авторлардың заманауи әдебиеттерін оқи алады. Олардың арасында Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер”, Фил Найттың “Аяқ киім сатушысы”, Бодо Шефердің “Жеңімпаздар заңдары”, Роберт Кийосакидің “Көшбасшылықтың 8 сабағы”, Дейл Карнегидің “Достарды қалай жаулап алып, адамдарға қалай әсер етуге болады?” атты қызғылықты кітаптар бар.

Диана ХАЛИМОВА,
М.Қозыбаев атындағы
СҚУ-дің медиаорталығының
бас редакторы.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp