ОТҚА ТӨЗІМДІ БӨРЕНЕ Жаңа цехтың өніміне сұраныс жоғары
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасы арқылы ел ішінде кәсіпкерлікке кең өріс ашылуда. Шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік беретін жоба бойынша несие алғандардың бірі – жас кәсіпкер Нұрбек Смағұлов. Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының тұрғыны ағаш өңдеу цехын ашып, құрылыс материалдарын жасауды қолға алған.